Әскери қызметшілер төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге кірісті
Әскери қызметшілер жергілікті елді мекендердерді патрульдеу және карантиндік аймақтарда блок бекеттерді күшейту, адамдар қозғалысының тез реттелуі мен вирустың ел аумағына таралуын азайтуға көмектеседі.
«Азаматтардың денсаулығын қорғауға қажетті медициналық көмек көрсетуге әскери медициналық мекемелер де дайын. 24 дәрігер-мейірбикелік бригада құрылды. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Армия азаматтардың кез келген сұрауына үн қатуға және жан-жақты көмек көрсетуге дайын», - дейді ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Марат Хусаинов.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен күресу үшін ҚР Қарулы күштерінің биологиялық бөлімшесі тартылды. Жеке құрам, арнайы техника мен құралдар қауіп төндіретін аумақтар мен нысандарға дезинфекция жүргізуге дайын.