Әскери кафедраға іріктеу қалай жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері Айбар Сабыртайұлы әскери кафедраға іріктеу қадамдарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іріктеу комиссиясының жұмысы төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - студенттердің медициналық куәландырудан өтуі. Екінші кезең - кәсіби психологиялық тестілеу, үшінші кезең - бұл дене шынықтыру жағдайын тексеру. Төртінші негізгі өз ұпайын шығаратын конкурстық коммиссияның жұмысы», - деді А. Сабыртайұлы.

Сонымен қатар ол әскери кафедраны аяқтағандар қандай әскери атақ алатынын айтты.

«Жалпы студенттерді әскери дайындықтан өткізудің екі түрлі бағдарламасы бар. Біреуі офицерлер бағдарламасы бойынша, ол екі жылға есептелген. Сержанттар құрамын жасақтау үшін сержанттар бағдарламасы бар. Ол студенттерді бір жылдық бағдарлама бойынша даярлайды. Екінші-үшінші курс оқыған кезге негізделіп дайындалған. Бұл бағдарламаға кейде белгілі бір себептермен студенттер үлгермей қалып жатады. Сол студенттер үшінші курстан бастап бір жылға есептелген сержанттық бағдарлама бойынша әскери дайындықтан өтуге болады. Азаматтардың әскери шенге ие болуына келсек, олар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы « Заңының 13-і бабы бойынша запастағы «лейтенант» және «кіші сержант» әскери атағын алады», - деді полковник.


Соңғы жаңалықтар