Әскери альпинистер Алматыда Alpine Race турнирінде жеңімпаз атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әскери альпинистер Алматыда Alpine Race турнирінде жүлдегер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің оңтүстік астанасында өткен жарыста әскери спортшылар алтын және күміс жүлдені қанжығаға байлады.

Alpine Race жарысы «Шымбұлақ» тау шипажайында «Экстремалды атлетика» фестивалі аясында өтті.

Жетінші мәрте өтіп жатқан турнирге 400-ден астам білекті атлет қатысты.

Жанкүйерлер скайраннинг, ски-альпинизм және снегоступинг сайысында кімнің мықты, жылдам, әрі төзімді екендігін анықтады.

Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары ски-альпинизм сайысында ерекшеленді.

Сайыстың осы түрінде спорттық бағдарлау бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Irbis Race және Tengri Ultra Trail жеңімпазы капитан Денис Власов бірінші орынға ие болды.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері ефрейтор Дмитрий Адамович күміс жүлдегер атанды.

– Жарыс өте тартысты өтті. Бұл жолы алғаш рет бізде техникалық және жаяу учаскелері бар толыққанды шаңғы ски-альпинизмі болды. Ски-альпинизм - бұл шаңғы мен белсенділіктің үйлесімі. Мұнда физикалық дайындық қажет, бірақ ең бастысы – ынта-жігер. Alpine Race - Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі жалғыз фестиваль, ол тек Эльбруста ғана өтеді, - дейді жарыс жеңімпазы капитан Денис Власов.


Соңғы жаңалықтар