Асқар Жұмағалиев меморгандардың бірыңғай платформасынан қанша қаржы үнемделетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев меморгандардың интернет-ресурстары үшін бірыңғай тұғырнамасын құру жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз барга мемлекеттік органдардың интернет-ресрурстары үшін бірыңғай тұғырнаманы құрумен айналысып жатырмыз. Осы шешімді азаматтардан келетін өтінімдер базасында қабылдадық», - деді министр онлайн режимде халыққа есеп беру барысында.

Осы орайда, ол бастапқыда бұл шешім не үшін қабылданғанын еске салды.

«Кейбір азаматтар бірқатар мемлекеттік органдардың сайттарын табу қиын екенін айтқан болатын. Осы орайда дамыған елдердің тиісті тәжірибесін зерттедік. Бұл елдерде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай тұғырнама құрылған. Осындай платформаны 310 меморган үшін құрдық, олардың арасында жергілікті атқарушы органдар да қамтылған. Бүгінде оны қажетті контентпен толықтырудамыз», - деді Жұмағалиев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде аталған тұғырнамаға меморгандардың 17 сайты мен жергілікті атқарушы органдардың 7 сайты орналастырылды.

«Осы бағытта жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл жұмыстар мемлекет шығынан 2 млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар