Асқар Омаров: БАҚ саласының кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлеміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл туралы Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауы аясында берілген тапсырмасына сәйкес БАҚ саласындағы салалық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта журналистік қоғамдастықпен бірге жұмыс тобы құрылды және БАҚ-ты жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Министрлік саланың кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі», - деді министр.

Осы ретте ол медиа сала мамандарын оқыту бойынша 2020-2021 жылдарға арналған арнаулы жоспар әзірлеп, іске асырғанын атап өтті.

«Арнаулы жоспарды іске асыру кезеңінде: әр түрлі саланың бағытына маманданған салалық журналистерді даярлау бойынша ЖОО-мен меморандумдарға қол қойылды; мультимедиялық білім беру және ақпараттық платформа іске қосылды; 4 мыңнан астам журналист медициналық, экологиялық, діни және IT-салаларында оқыту курстарынан өтті; жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылды», - деді Асқар Омаров.


Соңғы жаңалықтар