+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Асқар Мамин «Жұмыспен қамту» жол картасын жаңартуды тапсырды

2020 жылғы 27 қазан 10:35
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин «Жұмыспен қамту» жол картасын жаңартуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктер мен жауапты министрліктерге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
70 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамту шараларына тартылған Есеп бергенде қызметкерлердің санын көрсетпейтін жұмыс беруші олардың құқығын бұзады

«Дағдарысқа қарсы қабылданған шараларды іске асыру халықтың жұмыспен қамтылуын сақтауға ықпал етті. Жұмыспен қамту жол картасы қазақстандықтардың көбіне жұмысы мен табысын сақтауға септігін тигізді, елеулі әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көрсетті. Жол картасының жобаларын іске асыру үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шамамен 90%-ы отандық өндірушілерден сатып алынды. Жұмыспен қамту жол картасының шеңберінде шамамен 6600 әлеуметтік, коммуналдық және көліктік инфрақұрылым салынып салынып, реконструкциядан өткен. Жобалар аяқталған соң, сабақтас салаларда шамамен 100 мың жұмыс орны құрылады», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша жалпы жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру қарқыны Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жақсы.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін мынадай тапсырмалар беремін. Біріншіден, әкімдіктер Жол картасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты жандандырсын. Екіншіден, Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін 2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасын жаңартсын, онда тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беру керек. Жобалардың көбі аяқталғандықтан, босатылатын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту керек. Үшіншіден, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс орындарын құру бойынша индикаторларын жаңартсын. Бұған қоса құрылатын жұмыс орындарына мониторинг жасайтын тиісті статистикалық есепке алу жүйесін енгізу керек. Осылайша жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын әзірлеп, бекіту қажет», - деп түйді Премьер-министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT