Асқар Мамин: Жалақыны уақтылы беру жөнінде заңнама нормаларын қатаңдатуды тапсырамын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы жалақыны бермеудің жұмыс беруші үшін тиімсіз болатындай етіп заңнама нормаларын қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы мен Мемлекет басшысының бізге міндеттеген тапсырмаларының бірі – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайын жасау. Қазіргі уақытта бұл салада нақты база бар. Үшжақты әлеуметтік әріптестік қарастырылған. Қауіпсіздік техникасын сақтап, жарақаттарды азайту бағытында шара қабылданып жатыр. Жалпы, министрлік пен кәсіподақтар федерацияларының еңбек қатынастарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қолдаймыз», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы назар аударарлық мәселелер барын атап өтті.

«Үкімет өндірістік жарақаттарды азайту жөніндегі жол картасын қабылдады. Ол іске асырылуда. Осы бағытта жұмысты жетілдіріп, өндірістегі жазатайым жағдайлардың алдын алуға назар аударған жөн. Өңір әкімдіктері қажет болған жағдайда еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекциялық құрамның санын арттыру керек», - деді ол.

Асқар Маминнің айтуынша, еңбек қатынасында жалақы бойынша берешектің монитрингілеу алгортмін қайта қарау қажет.

«Сонымен қатар, кәсіподақтар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жалақыны уақтылы беру жөнінде заңнама нормаларын қатаңдатуды тапсырамын. Жұмысшыға жалақысын бермеу – жұмыс берушіге тиімсіз болу керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар