Асқар Мамин: Үкіметтің биылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің 2021 жылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет жұмысының 2021 жылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету, негізгі капиталға салынатын инвестицияны - жалпы ішкі өнімнің 20 пайызына дейін, ал шағын және орта бизнес үлесін 30 пайызға дейін жеткізу, агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін - 1,4 есе, өңдеу өнеркәсібін - 10 пайызға өсіру және жұмыссыздықты 4,9 пайызға дейін төмендету «, - деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, Үкімет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты және экономиканың сапалы және тұрақты даму жолына шығуын қамтамасыз етеді.

«Ол үшін Үкімет бар күш-жігерін салып жұмыс жасайды», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар