Асқар Мамин Түркістанда халықаралық автобекеттің ашылуына қатысты

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысына кезекті сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы ең алдымен Түркістан қаласындағы халықаралық автобекеттің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Мамин халықаралық автобекеттің ашылуымен құттықтап, игі лебізін білдірді. ҚР Премьер-Министрі мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев салтанатты жағдайда лентаны қиды.

Бұл автовокзалға тапсырыс беруші «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС. Мердігер мекеме – «ЮгСтройконструкция» ЖШС. Нысанның құрылысы биыл, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Шығыс үлгісінде салынып жатқан нысанның жалпы аумағы 2,4 га құрайды. Жоспарға сай, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған. Тәулігіне 10-мың адамға дейін қызмет көрсете алады.


Автобустар Алматы, Нұр-Сұлтан секілді бағыттарымен қатар, облыстың өзге де аудан қалаларына жүргізілетін болады. Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар