+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Асқар Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 21 наурыз 15:25
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Тараз тұрғыны дәрігерлер туралы бейнетүсірілім үшін кешірім сұрады Ақмола облысында карантин режимін бұзған қарағандылық 3 тәулікке қамалды BIRGEMIZ: Түркістан қаласында 3 мыңға тарта тұрғынға 50 мың теңгеден берілді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен, Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен және Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті.

Үкіметтер басшылары коронавирустың таралуымен күресудегі және халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл, соның ішінде азаматтарды отанына қайтару мәселелерін талқылады.

Шетел азаматтарының кіруі/шығуы бойынша Қазақстан мен Ресейде әрекет етіп тұрған шектеулерге байланысты ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен әңгімелесу барысында ҚР мен РФ аумағы арқылы еліне транзитпен қайтатын қазақстандықтар мен ресейліктер үшін ерекше өзара режим ашуды ұсынды.

Өзбекстан Премьер-Министрі А. Ариповпен, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен және Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен өткен келіссөздерде вегетациялық кезеңдегі су-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы жүк тасымалын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT