+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер өткізді

2019 жылғы 1 қараша 18:01
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер өткізді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сізбен бірге Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қатынастарды стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығаруға негіз салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясаттың сабақтастығын сақтайды және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударады», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы бүгінде Қазақстан–Өзбекстан қарым-қатынасы ынтымақтастықтың сапалы жоғары деңгейіне шыққанын атап өтті. Мұны барлық дерлік деңгейлердегі өзара әрекеттесу қарқыны дәлелдейді.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік, құрылыс, тоқыма, автомобиль жасау, мәдени-гуманитарлық, туристік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР мен ӨР арасындағы өзара сауда-саттық 25%-ға $2,6 млрд дейін өсті. Алдағы жылдары тауар айналымын $5 млрд дейін жеткізу жоспарда бар.

Ертең ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT