+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Асқар Мамин министрлер мен әкімдердің басты міндеттерін атады

2020 жылғы 28 қаңтар 10:17
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин министрлер мен әкімдердің басты міндеттерін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жұмыс орындарын құру әр министр мен әкімнің басты міндетіне айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысына Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр келді Индустрияландыру картасы: Табысты жоба өңдеуші өнеркәсіпті дамудың жаңа траекториясына шығарады

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың нақты табысы мен өмір сапасын жақсарту бойынша стратегиялық міндеттеріне қол жеткізу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар берді. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу және әл-ауқатын арттыру ел экономиикасының дамуымен тікелей байланысты. Осы ретте инвестицияларды белсенді тарту керек және экономиканың шикізат емес секторын, сонымен қатар бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру әр министр мен әкімнің басты міндетіне айналуы тиіс», - деді Премьер-Министр.

Осы орайда Асқар Мамин Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар кешенін ұсынып отырғанын айтты.

«Жауапты орындаушылар мен мерзімдері анықталды. Енді үйлесімді жұмысты ұйымдастыру керек. Президент бегілеген барлық міндеттер нақты орындалуы тиіс. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жеке жауапты болады», - деп ескертті Үкімет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT