Асқар Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дегенмен көрші елдерде жағдайдың қиындағанын көріп отырмыз. Сондықтан өңірлердің, әсіресе шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін, науқастану деңгейіне нақты мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдап отыру қажет»,- деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажеттігін баса айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар