Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-ші отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қыркүйек айында ҚХР-ға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында біздің мемлекеттеріміздің басшылары қол қойған ҚР-ҚХР Бірлескен мәлімдемесі екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нақтылады», - деді А.Мамин.

Қытай Қазақстанның аса ірі сауда серіктесі. Соңғы уақытта екі ел арасындағы сауда көлемі едәуір арттырылды. 2019 жылдың 8 айында екіжақты сауда көлемі 26%-ға артып, $9,2 млрд құрады.

Тараптар сауда-экономикалық, индустриялық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, электронды сауда, АХҚО дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар