Асқар Мамин Қазығұрт ауданында жаңа зауыттың ашылу рәсіміне қатысты

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына сапары барысында жаңа зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылынан салынған зауытта жылдам әзірленетін тамақ өнімдері шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдегі аса ірі жылдам әзірленетін кеспе өндіруші - «CG Foods Central Asia» компаниясы жобаға 5,7 млрд теңге инвестиция салды. Жергілікті халықтан 300-ге жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

​Шығарылатын өнім көлемі жылына 4,5 мың тоннадан асады деп жоспарланған. Өндіріс процесінде тек отандық шикізат пайдаланылмақ. Өнімді ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарықтарға да жеткізу көзделуде. Компанияның іргетасын қалаушы - Бинод Чаудхари. Непалдық тұңғыш миллиардер Форбс тізімінде қалталылардың көшін бастап тұр. Салтанатты шарада үндістандық кәсіпкер қазақстандық әріптестеріне алғыс айтып, Үкімет басшысына өз кітабын сыйға тартты.

«Жобаны іске асыруда жергілікті билік көп көмек көрсетті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған жергілікті билік өкілдеріне алғысымды айтамын. Жоба барысында туындаған мәселелер тез арада шешімін тапты. Мен үшін бұл - үлкен құрмет. Бизнесте ең басты дүние – сенім, ол адал серіктестік құруда және оны ары қарай сәтті дамытуда өте маңызды. Жергілікті билік өкілдерінің іскерлік қарым-қатынастағы кəсіби біліктілігі ұнады»,- деді Бинод Чаудхари.

Әзірге өндіріс орны кеспенің 10 түрін шығарады. Барлық өндірістік технология еуропалық сапа стандарттарына сай келеді. Келешекте зауыт жанынан жаңа цех салынбақ. Онда кеспеге арналған арнайы дәмдеуіштер өндіріледі. Аталған тамақ өнімдерін дайындауда 70 пайыз - отандық, ​ 30 пайыз - Малайзия, Сингапур және Үндістаннан келген шикізат пайдаланылады. Ал, дайын өнім Орталық Азия елдеріне экспортталмақ.

Соңғы жаңалықтар