Асқар Мамин Қазақстандағы бизнес климатты жақсарту шараларын жеделдетуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Асқар Мамин Ұлттық экономика министрлігіне 1 шілдеге дейін «Бизнеске арналған Үкімет» жобасын асыру жұмысын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен бес жылда бизнес үшін әкімшілік кедергілерді, әртүрлі операциялық шығыстарды қысқартуға бағытталған жеті заңнамалық бастамалар топтамасы қабылданды. Қазір Парламентте сегізінші түзетулер топтамасы қабылданып жатыр. Жалпы бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламалар өзінің тиімділігін көрсетіп отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы қабылданып жатқан шаралар мен бағдарламалар азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыратынын атап өтті.

«Бизнес климатты жақсарту бойынша шаралар кешенінің қабылдануын тездетіп, осы жылдың 1 маусымына дейін Парламентте тиісті жұмыстарды жүргізу қажет. Ұлттық экономика министрлігі 1 шілдеге дейін «Бизнеске арналған Үкімет» жобасын асыру жұмысын аяқтасын. Бұл кәсіпкерлердің бірыңғай терезе арқылы мемлекеттік қолдау алу рәсімдерін жеңілдетеді», - деді ол.

Үкімет басшысы бұл мәселені бақылауды өзінің орынбасары Әлихан Смаивовқа тапсырды.


Соңғы жаңалықтар