Асқар Мамин бірқатар министрлер мен облыс әкімдеріне тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдаудың жаңа шаралары 200 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық экономика, Еңбек, Ауыл шаруашылығы министрліктері үш күн мерзімде салалық мемлекеттік бағдарламаларға тиісті өзгерістер енгізу бойынша қаулы жобаларын тәртіппен енгізсін. Әкімдерге өнеркәсіп орындарымен жұмыс орындарын сақтау бойынша арнайы жұмыс жүргізуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының атап өтуінше, жалпы кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдаудың жаңа шаралары 200 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Еңбек министрлігі жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын қабылдауды қамтамасыз етсін», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар