Асқар Мамин азық-түлік импортынан арылу қадамдарын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қадамдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресми мәліметтер бойынша жыл басынан азық-түлік топтамасы бойынша баға 7 пайыздан астам өсті. Бағаның негізгі өсімі төтенше жағдай кезеңінде тіркелді. Өздеріңіз білесіздер, аталған кезеңде шекаралар жабылып, тауар нарықтары шектелді. Әсіресе, осының барлығы азық-түлік топтамасына, әлеуметтік маңыздағы тауарларға әсер етті. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның өсіміне байланысты теріс әсер берді», - деді Үкімет басшысы депутаттар сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, алдағы уақытта осындай теріс трендтерге жол бермес үшін Үкімет бірқатар шараларды қабылдады.

«Инфрақұрылымды қолдаудың маңызы бар. Біздіңше, атқарылып жатқан шаралар кешені тиісті оң нәтиже береді. Жалпы, азық-түлік топтамасындағы 29 әлеуметтік маңыздағы тауарлар бойынша позицияны қарап отырмыз. 12-сі бойынша қамтамасыз ету деңгейі 100 пайыз, яғни бұл азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты. 11 тауарлық топ бойынша қамтамасыз ету көрсеткіші 80 пайыз. Қазір 6 позиция бойынша жұмыс істеп жатырмыз, бұл бағытта қамтамасыз ету көрсеткіші 60 шамасында», - деп түсіндірді А. Мамин.

Осы орайда ол импортты алмастырау мәселесін шешу үшін тиісті құжат дайындалғанын, алдағы үш жылда аталған 6 тауарлық топ бойынша импортқа тәуелділікті толықтай жою ескерілгенін жеткізді.

«Ол үшін бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру керек. Бағалау бойынша 750 млрд теңге сомасындағы 200-ден астам жобаны қамту қажет. Сондықтан алдағы үш жылда толықтай импортқа тәуелділікті жою мақсатын белгіледік», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар