+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Асқар Мамин Азия даму банкінің президентімен кездесті

2019 жылғы 15 қараша 13:46
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Азия даму банкінің президентімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласында өтіп жатқан «Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру үшін қаржы құралдарын жұмылдыру» аймақтық саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келген Азия даму банкінің (АДБ) президенті Такехико Накаоны қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар
«Родина» агрофирмасының тәжірибесін басқа шаруа қожалықтарына тарату қажет – Асқар Мамин Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесті Әділет министрлігі заң жобаларының сапасын жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдауы қажет - Асқар Мамин

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Азия даму банкіне қосылған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Биыл біздің нәтижелі ынтымақтастығымызға 25 жыл толды. Біз АДБ-ны Қазақстанда жүзеге асырылған жобалар саны бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының ішінде көшбасшылардың бірі болып табылатын стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз», - деді А. Мамин.

1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанда қаржы, инфрақұрылым, энергетика, коммуналдық қызметтер секторы және басқа салаларды дамыту бойынша мемлекеттік жобаларды іске асыру үшін $5,1 млрд астам қарыз қаражатын бөлді. Бүгінгі таңда жалпы құны $3,8 млрд құрайтын 30-ға жуық жоба толықтай жүзеге асырылды.

АДБ $49 млн-ға көлік және ауыл шаруашылығы кешендері, білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті дамыту және басқа салаларда 100-ге жуық техникалық көмек жобаларын қаржыландырды. Көлік және коммуналдық секторларды, мал шаруашылығын және т.б. салаларды жаңғырту бойынша жеке сектор жобаларын іске асыруға $628 млн астам қаражат бөлінді.


Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы және «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылды дамытуды қолдау, тұрғын үй құрылысы, туризм және ҚР экономикасының басқа да салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Т. Накао АДБ аясындағы Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстанның елеулі үлесін және Дамуға ресми көмек бағдарламасына донор ретінде белсенді қатысуын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT