Асқар Мамин: Әр теңгені экономикаға салу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазіргі жағдайда бюджет қаражатын тиімді жұмсау керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша төрт өңірде негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың озық қарқыны қамтамасыз етілген. Бұл Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстары. Өте жақсы көрсеткіштер. Тоғыз өңір – Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары 5 айдың қорытындысын республикалық деңгейде аяқтады. Ал қалған Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласындағы кейбір көрсеткіштер республикалық деңгейден төмен», - Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Асқар Мамин өңірлер экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша барлық шараны қабылдауы керектігін ескертті.

«Сондай-ақ отандық өндірісті қолдауды, инвестиция тартуды, экспортты дамытып, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтауды және тұрақты жұмыс орындарын құруды барынша қамтамасыз ету қажет. Қазіргі жағдайда бюджет қаражатын тиімді жұмсау керек. Әр теңгені экономикаға салу керек. Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жартыжылдық жұмыс қорытындысының тиімділігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар