«Ashyq» мобильді қосымшасы бар елордада кәсіпкерлік субъектілері жұмысын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада кешеден бері «Ashyq» мобильді қосымшасына тіркелген елорданың кәсіпкерлік субъектілері жұмысын бастаған болатын. Осыған орай бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш бастаған топ аталған нысандардың жұмыс барысын тексеріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» жүйесі – бұл бизнес үшін клиенттерінің қауіпсіздігін сақтау барысындағы қосымша іс-шараларды қамтамасыз етеді. Әрбір кәсіпкерлік субъектісі келушілерді дене қызуын өлшеу арқылы кіргізетіндігіне түсіністік танытуымыз қажет. Дене қызуын өлшем міндетті саналады. Адамда вирустың симптомдары болса, онда оны ішке кіргізбейді. Қазіргі уақытта елордада фитнес клубтар, спа-орталықтары, моншалар, интернет клубтары, боулингтер аталған жүйеге қосылған», - деді Қуанышбек Мұқаш.

«Ashyq» жүйесіне қосылған кәсіпкерлік нысандардың бірі - «Думан» қонақүйіндегі боулинг орталығы. Орталықта дүйсенбі, сейсенбі күні санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Ал қалған күндері алдағы уақытта сағат 15-00-ден түнгі 00-00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетпек.

«Елімізде қатаң карантиндік шектеулер енгізілген 2020 жылдың 16 наурызынан бері жұмыс істеген жоқпыз. Осы уақытта қанша шығын шеккенімізді айта алмаймын, өйткені ол жеке мәлімет саналады. Ал «Ashyq» мобильді қосымшасы жұмыс істеуімізге мүмкіндік беріп отыр. Адамдар спорттың бұл түрін сағынып та қалды. Себебі боулинг ең алдымен көңіл көтеру түрі емес спорт саналады. Кешеден бері QR-код алып жұмыс істей бастадық. Келушілер болды, 30 адамға қызмет көрсеттік. Бәрінде де көк мәртебе болды. Қызыл және сары мәртебе болған жоқ. Арнаулы оқудан өттік. Оның барысында қызыл мәртебесі бар адамдарды мекемеге жібермеу керектігін, міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабарлау қажеттігін түсіндік. Қызметтерге қауіпсіз қызмет көрсету үшін жұмыстар жүргізіледі. Әр ойыннан кейін боулинг шарларын арнаулы сұйықтықтармен тазалап отырамыз», - деді «Думан» қонақ үйіндегі боулинг орталығының Мейіржан Жанғожин.

Айта кетейік, келушілер нысанға кірген кезде QR-кодты сканерлейді. Сол кезде келушінің мобильді қосымшасында индикатор көрінеді. Қызыл түс - келушінің науқас екенін, сары түс - байланыста болғанын, ал жасыл түс – ПТР тест тапсырып, вирусқа анықталмағандығын білдіреді. Көк түс ПТР зерттеуден өтпегенін көрсетеді.



Соңғы жаңалықтар