Ashyq: Алматы теміржол вокзалдарында 3 адамнан «қызыл» мәртебе анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы теміржол вокзалдарында үш адамнан «қызыл» мәртебе анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бес күн ішінде «Ashyq» жобасына қатысушылардан Алматы-1 станциясында «қызыл» мәртебесі бар - 1, «сары» мәртебесі бар 1 келуші анықталды. Алматы-2 вокзалында «қызыл» - 2 және «сары» мәртебесі бар 1 адам тіркелді.

Тестілік режимде «Ashyq» бағдарламасы қаладағы 87 нысанда қолданылады. Сонымен қатар, тағы 10 кәсіпкер жобаға қосылуға дайын. 87 нысан жобаға өз еркімен кірді. Сонымен қатар, 5 нысан қосылуға ниет білдіруде.

Еске салсақ, Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 26 маусымда Алматы қаласы «қызыл» аймаққа өтті.

Бір тәулік ішінде қалада коронавирустың 217 жағдайы анықталды.

Осыған байланысты қала тұрғындарына карантиндік шараларды қатаң сақтау ұсынылады. Көп жиналатын орындарға қажет болмаса бармаған жөн, маска, қолғап, антисептиктерді қолдану керек. Коронавирустан сақтанудың жалғыз жолы – вакцинация.


Соңғы жаңалықтар