+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

АШМ Қазақстанда құс тұмауының өршу себебін атады

2020 жылғы 21 қыркүйек 16:18
Бөлісіңіз:
АШМ Қазақстанда құс тұмауының өршу себебін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Қазақстанда құс тұмауы қалай өршіп кеткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Гүлмира Исаева ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды Құс тұмауы салдарын жою, ветеринария мамандарына грант: Үкімет шешімі қандай Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркелді

«Эпизоотиялық зерттеу жұмыстары көрсеткендей, алдымен, солтүстіктен оңтүстікке көшіп бара жатқан жабайы құстардың өлімі тіркелген. Ауру ортақ су қоймасын пайдаланудан келген. Лабораториялық зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, құстардың қандай диагноздан қырылғаны белгілі болды – ол жоғары патогенді құс тұмауы. Мониторинг барысында жабайы құстардың (аққулар мен үйректердің), қарғалар мен сауысқандардың, көгершіндердің қырылғаны анықталды», - деді ол бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, Петропавлдағы орталық бақта қырылған қарғалар, сауысқандар мен көгершіндер жиналып алынып, өртелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Гүлмира Исаева бірқатар өңірдегі эпизоотиялық жағдай туралы баян етіп, Қазақстанның бес облысында құс тұмауы тіркелгенін мәлім еткен еді.

Індет салдарынан үй құстары өлген шаруа иелеріне өтемақы ретінде 400 млн теңге бөлінді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT