АШМ цифрлық ауыл шаруашылығы картасын әзірлеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АШМ цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау жұмысын жалғастырып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР АШМ алқа отырысында Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжаһан Бимендина мәлімдеді

Оның айтуынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі космомониторингімен қатар жергілікті жердің фотобейнесі қамтылған цифрлық ауыл шаруашылығы картасын жасауда.

«Аталмыш карта жер учаскелерін нақты пайдалану, оның сипаттамасы және құрылымы бойынша саралауға мүмкіндік береді. Карталарда ауылшаруашылық жерлерінің барлық түрлері: егістік, тыңайған жерлер, бақтар, шабындықтар мен жайылымдар көрсетілген. Ауыл шаруашылығы карталары ауқымды аумақтар бойынша біртекті және салыстырмалы ақпарат алуға тиімді», - деді Гүлжаһан Бимендина.

Сондай-ақ, Жер ресурстарын басқару комитеті электронды карталарды жасай отырып, топырақ және геоботаникалық зерттеу жүргізуде. Бұл алқаптардың өзекті мелиорациялық жай-күйін (тұздану, сортаңдану), ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық сипаттамасын және жайылым алқабының жем-шөп мөлшерін көрсетеді. Аталмыш ақпарат жер ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін құруға көмектеседі.

Бүгінде 47,45 млн га (25,6%) алаңда топырақты зерттеу және 34,3 млн га (20,8 %) алаңда геоботаникалық зерттеулер бойынша жаңартылған материалдар бар. Электронды карталарды aisgzk.kz сайтынан ашық көруге болады.


Соңғы жаңалықтар