+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға жеке-жеке хат жолдады

2020 жылғы 9 тамыз 15:15
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов ұстаздарға жеке-жеке хат жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің барлық ұстаздарына арнап хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус кезінде қан құю тәсілі көмектесе ме Курчатов қаласындағы ауруханаға жаңа медициналық жабдықтар жеткізілді – ШҚО Қатерлі дертке шалдыққан балаларға коронавирус қауіпті ме – Онкогематолог жауабы

«Қымбатты әріптес! Сіз осы қиын кезеңнен отбасыңызбен бірге аман-есен өтіп, денсаулығыңызға еш қауіп төнбейтін жағдайда жүрсіз деген үміттемін. Сізге пандемия жағдайындағы баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз сізбен осынау қиын уақытты еңсеру жолындамыз. Коронавирус пандемиясы баршамыздың тұрмыс-тіршілігімізге әсер етті. Сүрінбей өтуге тиіс түрлі сынақтарға толы уақыт басталды. Осыдан жарты жыл бұрын мұндайды тіпті елестетпеген едік. Өкінішке орай, жақын адамдарымыздан айырылып жатырмыз. Білім және ғылым жүйесі адами құндылықтарды дәріптеген, ұрпақты тәрбиелеп, білім берген арда азаматтарынан – сала ардагерлерінен, біздің қымбатты әріптестерімізден айырылуда. Туыстары мен достары көз жұмған әріптестерімнің қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Дәл қазіргі қиын кезеңде жақындарымыз бен өз өміріміздің, денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміздің маңызы мен қадірін түсініп, бағалауды үйреніп жатырмыз. Кез келген қиындық бізді шыңдай түсіп, сынақтар жігерімізді қайрап, рухымызды мықты етеді», - деп жазылған министрдің әрбір мұғалімге жолдаған хатында.

Осы орайда ол осынау қиын-қыстау кезеңде бірге болуымыз аса маңызды екенін айта келе: «Біздің күшіміз – біздің бірлігімізде. Біз кез келген қиын міндеттерді бірде-бір баланы ескерусіз қалдырмай, бірлесе отырып шеше аламыз. Әріптесім, сізге мынаны айтқым келеді! Қазір бізге балаларымыз бен олардың болашағы үшін және тек білімі ғана емес, денсаулығы мен моральдық жағдайы үшін де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Оқушыларымыздың мейлінше қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына қажетті жағдайдың барлығын жасауымыз керек», - деді.

Осы орайда ол ұстаздардың тек мектепте ғана емес, өмірде де көшбасшы екеніне сенім білдірді.

«Жағдай орнығады. Дәрігерлермен бірігіп біз індетті бірге жеңеміз, бұрынғы өмір біртіндеп қалпына келе бастайды. Оған дейін бәріміз оқушылар мен ата-аналарға және бір-бірімізге тіреу бола білуіміз қажет. Алғыс айтудың ешқашан артықшылығы болмайды. Сондықтан мен сізге төртінші тоқсанда атқарған ерен еңбегіңіз үшін тағы бір мәрте рақметімді айтқым келеді. Сіз – нағыз батырсыз. Сіздің қуатты қолдауыңызды сезініп отырмын. Сол себепті де ертең балаларымыздың білімін жетілдіру жолында еш кедергі болмайтынына сенемін», - деп атап өтті А.Аймағамбетов.

Осы хат 8 тамыздан бері еліміздің барлық өңіріндегі ұстаздарға электронды жеке поштасына жолдануда. Хатты алған мұғалімдер әлеуметтік желілерде Білім министріне арнап жауаптарын жазуда.

Күләнда Батырбекова есімді кәсіпкер хатты тапжылмай оқып шыққанын атап өткен.

«Керемет! Жай сөзбен, адамның санасына арналған ерекше хат. Ұстаздарға рахметін айта отырып,осы басымызға түсіп жатқан қиыншылықтан бірге шығуға, шыдамдылық пен сабырлылыққа шақырып отыр.Педагог болмасам да,осы білім саласының жанашыры болып, инвесторлардың қауымдастығының төрайымы ретінде,ортақ почтамызға, жекеменшік мектеп пен балабақшалардың басшыларына хатты жібердім. Халықтың барлығымен бөліскім келді. Бөлісуге тұратын хат қой....», - деп жазды К. Батырбекова әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар, тағы Толқын Батырбайқызы есімді ұстаз да аталған хатқа байланысты өз пікірін білдірген.

«Кеше түнде сабақтарыма дайындалып отырып, электронды почтамды ашып қалсам, бас ұстазымыз Асхат Қанатұлынан хат келіп тұр. Хатты оқып көзіме жас келді. Хат соңында бойымда әлдебір күш пен жігер пайда болғандай... Қарапайым ұстазға Министр мырзадан жылы лебізге толы хат келсе, қандай күйде болады деп ойлайсыздар? Әрине, қуанасың, жұмысыңа деген шабытың оянады, мамандығыңа деген құрмет артады. Міне, осындай түрлі эмоцияларды басымнан өткердім», - дейді Толқын Батырбайқызы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT