Асхат Аймағамбетов: Республикалық, Президенттік олимпиаданың жаңа үлгілері енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық және Президенттік олимпиаданың жаңа үлгілері енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дарынды балаларды қолдау жұмысын жалғастырамыз. «Мың бала» жобасы жалғасады. Республикалық олимпиаданың, Президенттік олимпиаданың жаңа үлгілері енгізіледі. Оған қоса, жақында қабылданған заңның аясында қосымша білім алуға кең мүмкіндік беру үшін мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде және жекеменшік ұйымдарда да орналасады. Соның арқасында 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға дейін жетеді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің атап өтуінше, бес жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады.

«Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірме өткізгені үшін ай сайын қосымша 17 мың теңге ақы төленеді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар