Асхат Аймағамбетов: Қазақстан дипломы Еуропада жарамды болуы үшін ESG стандартын енгіздік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында жоғары оқу орындарына ESG стандарты не үшін енгізіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аккредиттеу агенттіктерінің жұмысы да жоғары білім сапасын көтеру үшін ерекше маңызды. Осыған орай біз аккредиттеу агенттіктерінің жауапкершілігін көтеру үшін өзгерістер енгіздік. Бұдан былай жоғары сапасын қамтамасыз етпейтін агенттітерді тізімнен шығару, яғни жабу және олар үшін біріңғай сапалы талаптарды қою сияқты тетіктерді қабылдап, енгіздік. Нәтижесінде 6 университетің институционалдық аккредиттеуі қайтарылып, 20 білім бағдарламасы аккредиттеуден өтпеді. Бұл да сапаны көтеруге елеулі әсер ететіні сөзсіз», - деді министр.

Ведомство басшысы жоғары оқу орындарында ішкі сапаны қамтамасыз ету тәсілдеріне де тоқталды.

«Қазақстанда еуропалық сапаны қамтамасыз ету жөніндегі ESG стандарты енгізілуде. Былтыр еліміздің жоғары білімінің ұлттық біліктілік шеңбері Еуропа біліктілік шеңберімен өзін-өзі сертификаттау рәсімінен өтті. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның жоғары оқу орындары дипломдарының Еуропада танылуын қамтамасыз ету мүмкін болды», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар