+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты

2019 жылғы 5 желтоқсан 13:56
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында плагиатпен күрес шаралары туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік лицензиясынан айырылған университеттерге қатысты түсінік берді ҰБТ: Ақтөбеде 140 оқушы сынақ залынан шығарылды Колледж түлектерін жұмысқа қабылдайтын орталықтар ашылды

«Академиялық адалдық, плагиат мәселесі көтерілді. Бұл мәселе бойынша да министрлік тиісті шешім қабылдауда. Turnitin деген ең үздік 15 мың университет қолданатын антиплагиаттық жүйе бар. Сол жүйеге біз биыл ұлттық жазылып, қолданудамыз. Біз нормативтік құжаттарға өгерістер енгіздік. Енді барлық курстық, дипломдық жұмыстар, әрине диссертациялар міндетті түрде осы жүйеден өтеді», - деп тоқталды министр.

Оның сөзіне қарағанда, жазылған еңбектер бұл жүйеден өтіп қана қоймай, сол жүйеде сақталады. Сондықтан, бір рет жазылған жұмысты екінші рет қорғап шығу мүмкіндігі бұдан былай болмайды.

Сонымен қатар А.Аймағамбетов бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Осы мәселеде диссертацияны қайтадан қарастыру деген сұрақ болды. Оны да қарап шықтық. Жалпы, 2009 жылы бұл диссертация қорғалған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қорғалды. Сол уақыттағы талаптарға сай деп санаймыз. Сондықтан, бүгінгі күні ол ғылыми атақты қайтып алуға заңнама аясында ешқандай мүмкіндік болмай тұр. Жалпы, бұл кісіні өздеріңіз білесіздер, өзінің өтінішін жазып, соның аясында қазір министрікте жұмыс істемейді», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, биыл қараша айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды .

Сонымен қатар Фатима Жақыпованың ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау мәселесі бойынша өзіне қатысты айыптауға жауап беріп, айыптаушыларды сотқа бергендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT