Әсем Нүсіпова ҚР ДСМ жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әсем Нүсіпова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылғандығын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар