Асанәлі Әшімов қазақстандықтарды сайлауда белсенді болуға шақырды

None
None
АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ - КСРО Халық әртісі, актер, режиссер Асанәлі Әшімов қазақстандықтарды сайлауда белсенді болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін - ұлттық мереке. Осы айтулы мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Әрбір азаматтың таңдау мүмкіндігі бар. Барлық партия бірдей. Әр партияда менің көрерменім бар. Мен көзімді жұмып тұрып өз таңдауымды жасадым. Мен партияларды бөліп-жармаймын. Сондықтан Мәжіліске халықтың игілігі үшін жұмыс жасайтын адал және білімді адамдар келсе қуанамын. Мен халық әртісімін және әрдайым халқымды қолдаймын», - деді Асанәлі Әшімов.

Сонымен қатар, ол халықты дауыс беруге және азаматтық борышын өтеуге шақырды.

«Сайлауға келіңіздер, дауыс беріңіздер. Бұл маңызды. Әр азамат келуге міндетті», - деп қосты ол.


Соңғы жаңалықтар