Асамов қаза болған студентті аман алып қала алмағаны үшін кешірім сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚазҰАУ студенті Асамов қаза болған Дидар Болысбекті аман алып қала алмағаны үшін оның ата-анасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

«Бұл дүниеде шындық жоқ екендігіне көзім жетті. Түрмеде өткен 80 күнім өкінішке толы болды. Бірге тамақтанып, бірге жүрген балалардың, өзім құтқарамын деген сөзіне сенбеуім керек еді. Мен өзбек болсам да қазақ елінің патриотымын. Қазақ елінде тудым. Дидардың ата-анасынан оны аман алып қала алмағаныма кешірім сұраймын. Бірақ оның өліміне қатысым жоқ. Оны бір Алла көріп тұр», -деді Тойшыбек Асамов көзіне жас ала отырып.

Бұған дейін процессуалды прокурор Төлеген Жараспаев сотталушыға ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлімі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Өз кезегінде қорғаушы Тойбек Жолдасов тергеу жұмыстарының шала жүргізілгенін жəне сот медициналық сараптаманың дұрыс жүргізідмегендігін айтып қарсылық білдірді.

Оның айтуынша, бұл жерде Асамовтан бөлек 7 бала отыруы керек.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 12 сәуірде ҚазҰАУ жатақханасында болған еді. Бірінші және екінші курста оқитын 10-нан астам студент жатақханада төбелесіп, соның салдарынан 17 жастағы Дидар Болысбек қаза болған еді.

Кейінірек полиция аталған оқу орнының 2-курсында оқитын 2 студентті ұстады. Сот алдында олардың біреуі ғана - Тойшыбек Асамов жауап беруде. Оған ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі (адам денсаулығына қасақана ауыр нұқсан келтіру), ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі (күштеп мүлкін тартып алу) бойынша айып тағылып отыр.

Соңғы жаңалықтар