Аса ірі көлемдегі есірткілерді сақтаған алматылық ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 30 жастағы Алматы тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткі сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мамыр» ықшам ауданындағы ұсталған азаматтың пәтерін тінту кезінде өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ салынған 74 полиэтилен түйіншек табылды. Сот-химиялық сараптама ның анықтауынша ұнтақ – салмағы 340,1 грамм болатын гашиш есірткісі. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп атап өтті Алматы қаласының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Бұл бапта үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенн.

Ведомствода мәліметінше, қара нарықтағы гашиштің 5 грамының бағасы 3 000 теңге. Қазір тергеу амалдары оның тауарды қайдан және қалай алғанын анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар