Арзан үй әперемін: Шымкент тұрғынын 2,5 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік тұрғынды үй алып беремін деп 2,5 млн теңгеге алдаған алаяқ анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласы полиция департаментінің Еңбекші ауданы полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған.

Ол өз арызында жолда танысқан бейтаныс азамат «арзан бағада үй алып беремін» деп алдағаны туралы жазып көрсеткен.

Осылайша сеніп қалған жәбірленуші еш ойланбастан араға уақыт салып 2.500.000 теңге тауып береді.

Алайда алаяқ уәдесін орындамай, телефонға жауап бермей ізін суытады. Амалы қалмай, алданып қалғанын түсінген тұрғын полицияға шағымданған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеп, жедел іздестіру шараларына кіріскен.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын анықтайды.

Нәтижесінде осы жайтқа қатысты 50 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Анықталғандай алаяқтықты кәсіп етіп, оңай жолмен пайда табу мақсатында жәбірленушіні алдап, аз уақыт ішінде ақша табатынына сендіріп, алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Қазіргі таңда сотқа дейінге тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар