Арыстағы жолдарды жөндеу жұмыстарының 90 пайызы аяқталған

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Арыс қаласында жол төсемдерін жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылым және даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын қалалық жолдарды тексерген мамандар 17 сектордың 13-де жатқан 63 көшенің жамылғысында ақаулардың барын анықтады.

Қазіргі таңда жолшылар автомобиль жолдарының 78,9 шақырымын, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың 46,7 шақырымын жөндеуде. Сондай-ақ, жолдардың 68,6 шақырымында жарық шамдардың 2234, трансформаторлардың 52 данасы орнатылып жатыр.

Арыс қаласындағы көшелердің жолдарын қалпына келтіру жұмыстарына 2,541 млрд теңге бөлінді. Жұмыстар жуырда аяқталады деп күтілуде. Орташа жөндеуден қалалық жолдардың 90 пайызы өткен. Олардың қорытындылары бойынша Арыс қаласындағы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95пайызға жеткізілмек.

Соңғы жаңалықтар