Арыста үйінен қашып кеткен 15 жасар қыз Шымкентте жалдамалы пәтерден табылды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицейлер жоғалған қызды тауып, анасына табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 26 мамырында сағат 10:00 кезінде әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Н.Жусипов өзінің белгіленген аумағында жұмыс атқару кезінде жалдамалы пәтерде 2006 жылғы жасөспірімнің жалғыз тұрып жатқанын анықтаған.

Сұрастыру барысында Түркістан облысы Арыс қаласынан жасөспірім өз үйінен кетіп қалғанын айтып түсіндірді.

Содан соң тәртіп сақшысы жасөспірім қыздың ата-анасының ұялы телефонына хабарласып, анасына дін-аман табыстады.

Өз кезегінде жоғалған қыздың анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.



Соңғы жаңалықтар