Арыста Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығы аталып өтті

None
None
АРЫС.ҚазАқпарат – Түркістан облысының Арыс қаласында қалалық мәслихаттың құрылғанына 25 жыл толуына орай «Жиырма бес жылдың жылнамасы» тақырыбында форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға жергілікті мәслихаттардың депутаттары мен бұрынғы халық қалаулылары, мекеме және бөлім қызметкерлері қатысты. Форумда теміржолшылар қаласының өткені мен бүгінінен сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, жиналған қауым бейнероликтер тамашалады. Қала әкімі Мұрат Қадырбек айтулы күнмен жұртшылықты құттықтап, мәслихат депутаттары атқарған ауқымды жұмыстардың маңыздылығына тоқталып өтті. «Ел тәуелсіздігін алған тұста Қазақстанда демократиялық құндылықтар қалыптасып, салтанат құра бастады. Соның бір көрінісі жергілікті өкілетті орган - маслихаттардың құрылуы. Биыл халықтың сенімі мен құрметіне ие болған органның айтулы датасы – 25 жылдығы аталып өтілуде. Өкілетті орган 25 жылда әлеуметтік ортамен қоян-қолтық араласып, халықтың талап-тілек, ұсыныстарын тыңдап, атқарушы билік пен әлеуметтік ортаның арасындағы ақылдасу алаңына айналды», - деді қала әкімі. Жиында сондай-ақ, Арыс қалалық мәслихатының хатшысы Амантай Байтанаев баяндама жасады. Бірқатар депутаттар мен азаматтар құттықтауларын жеткізді. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген депутаттар мен еңбегі сіңген азаматтар «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Соңғы жаңалықтар