Арыс қаласында «Алтын күз–2019» жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңкеге Ақдала, Байырқұм, Жиделі, Дермене, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер және «Ордабасы құс» ЖШС фермасы өздерінің өндірген өнімдерін халыққа базар бағасынан 20-30 пайыз төмен бағада ұсынды.
Мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Шараға қатысқан аудан әкімі Мұрат Қадырбек барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, өз еңбектерімен жоғары көрсеткіштерге ие болған аудан еңбеккерлерін марапаттады.
Жиын-терім науқанын табысты аяқтаған арыстық шаруалар табанды еңбек пен талапты кәсіптің арқасында жақсы өнім жинап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Егілген астық пен дәнді дақыл ысырап болмай, дер кезінде жиналып алынды.
Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты