Ару «Тур де Франс»-тағы жетістігін жарақаттанған «астаналықтарға» арнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тур де Франс»-тың жалпы есебінде көш бастап тұрған Ару бұл жетістігін «Астананың» жарақат алып қалған велошабандоздарына арнады, деп хабарлайды sports.kz.

12-ші кезеңнен кейін «Тур де Франс»-тың жалпы есебінде көш бастаған «Астана» капитаны итальяндық велошабандоз Фабио Ару «Үлкен ілмекте»-гі бұл жеңісін командалас әріптестеріне арнады.

Сәрсенбі күні велошабандоз Дарио Катальдо жарақат салдарынан «Астана» командасының сапынан түсіп қалған болатын. Ал команда капитанының көмекшісі Якоб Фульсанг қолына зақым алғанына қарамастан, жарысты жалғастыруда.

Айта кетейік, бейсенбі күні Ару Гранд-турдың 12-ші кезеңінде үшінші орын алғаннан кейін велокөпкүндіктің жалпы есебінде көш бастады.

«Ромен Бардені керемет жеңісімен құттықтаймын. Мен үшін сары жейде үлкен марапат саналады. Өкінішке қарай, Дарио Катальдо кеше құлап қалып, жарыстан шығып қалды, ал Якоб Фульсангқа бүгін ауыр күн болды - ол зақымдалған қолымен жарысты жалғастырды. Сондықтан сары жейдені соларға, сондай-ақ маған қолдау көрсеткен барлық командама арнаймын», - деді Ару.

Соңғы жаңалықтар