Артық салмақ мидың жұмысын нашарлатады- ғалымдар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар артық салмақ мидың жұмысына кері әсер ететіндігін анықтады. Time журналында жарияланған мақалаға сүйенсек, британ ғалымдары артық салмағы бар адамдарда ми көлемі аз болатынын айтқан.

Олар бұл зерттеуді орташа есеппен 55 жастағы он мың адамның мәліметтерін негізге ала отырып жүргізген.

«Артық салмақ ми көлемін азайта ма, әлде ми көлемінің аз болғанынан артық салмақ пайда бола ма деген сұрақтың әлі де нақты жауабын таппады. Дегенмен, бұл жағдайға жүрек қантамыр жүйесіне түсетін ауыр салмақ әсер етуі мүмкін. Мамандар артық салмақ кезінде қанды қажет ететін клеткалар да артатындықтан, осындай қиындықтар болып тұрады», - дейді ғалымдар. Яғни, артық салмақ кезінде миға оттегі аз барып, нәтижесінде ми клеткалары өлуі мүмкін. Өз кезегінде бұл есте сақтау қабілетінің төмендеуіне алып келеді.

«Артық салмақ кесірінен адам аз қимылдайды. Бұл конгнитивті қабілетке де, есте сақтау қабілетіне де кері әсерін тигізеді», - дейді нейрофизиолог Юрген Зандкюлер.

Оның айтуынша, Орталық Еуропадағы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан болған өлімнің қырық пайызына дұрыс тамақтанбау әсер еткен.

Соңғы жаңалықтар