Артспорт бойынша үйірмелер саны қысқарады - министр түсіндірмесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балаларға арналған спорт және шығармашылық үйірмелер саны қысқартылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спорт түрлерінің саны 71 ден 30-ға дейін, шығармашылық үйірмелер 59-дан 30-ға дейін қысқарады.

Қысқаша түсіндіріп өтейін. Алдымен біз қайталанатын спорт түрлерін топтастырдық. Мысалы, қазір онда үстел теннисі, көзі нашар көретін балаларға арналған үстел теннисі, тірек-қимыл жүйесі зақымданған балаларға арналған үстел теннисі және бейімделген теннис түрлері бар. Бұл секциялардың барлығы өз жұмысын жалғастыра береді. Тек бір ортақ атауға біріктіріледі», - деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, жеңіл атлетикадағы жағдай да осыған ұқсас.

«Бірақ біз толық алып тастайтын спорт түрлері де бар. Оны өздеріңізге кейін хабарлаймыз», - деді министр.



Соңғы жаңалықтар