Аршалы диқандары 190 мың гектарға жуық алқапқа дəн екпек-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Биыл Ақмола облысының Аршалы ауданында 190 мың гектарға жуық алқапқа дəнді-дақылдар егу жоспарланған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен өткен аппарат кеңесінде өңірде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жəне көктемгі дала жұмыстарына дайындық мəселесі қаралды.

«Ауыл шаруашылығы ел экономикасының басты салаларының бірі болып саналады», - деді аудан әкімі Азамат Тайжанов.

Биылғы жылы аудан диқандары барлығы 189,5 мың гектар алқапқа дəнді-дақылдар себуді жоспарлап отыр. Оның 177,5 мың гектары бұршақ дақылы. Сонымен қатар, 147,3 мың гектарға бидай егілмек.

Қазіргі кезде, шаруашылықтардың тұқым, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілу мəселесі біртіндеп шешіліп келеді. Оған қоса, несие алу жəне ауыл шаруашылығы техникаларының əзірлігі де назарда.

 

Соңғы жаңалықтар