«АрселорМиттал Теміртау» жұмыскерлердің еңбекақысын индекстейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыскерлерінің еңбекақысы қайта индекстеледі, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Алғаш рет индекстеу қаңтар айында жүргізілді. Компания жұмыскерлерінің окладтары мен тарифтері 4,25%-ға көтерілді.

Еңбек ұжымымен кездесу барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Парамжит Калон индекстеудің екінші бөлігі туралы мәлім етті.

«Мен аудиторлық тексерудің аяқталуын және кәсіпорынның өткен жылғы қызметінің қорытындысын күтпей, еңбекақыларды индекстеуді жүргізу туралы шешім қабылдадым. Бұл біздің тұрақты еңбегіміздің жемісі. Қауіпсіздік техникасы саласында осындай нәтижелерге қол жеткізсек, әлдеқайда жақсы болатын еді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар