Ароновтар әулетінің ІІО-дағы жұмыс өтілі 70 жылдан асады - Қарағанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ішкі істер органдарында полицейлер әулеті жиі кездеседі. Әдетте отбасыларда аға буынның тәжірибесі мен білімі мұра ретінде жастарға берілетін дәстүр қалыптасқан. Жастар үлкендердің ісін жалғастырған кезде, оларды қандай қиындықтар мен сынақтар күтіп тұрғанын сезіне біледі. «ҚазАқпарат» тілшісі Халықаралық Отбасы күні осындай бір әулеттің отағасымен әңгімелесті.

Қарағанды қаласының Ішкі істер бөлімінің бөлімшелерінде балалары өздерінің әкелері мен аталары секілді өз өмірін ішкі істер органдарында арнаған кем дегенде отыздан астам отбасы бар. Ароновтар отбасы да солардың ішінде.

Бұл әулеттің отағасы Аманғали ағаның құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар, мінсіз қызметі үшін көптеген медальдар мен марапаттарға ие.

«Бүгінгі таңда бұл сабақтастықты сақтау және көбейту өте маңызды. Дәстүрді сақтау жас ұрпақтың бойында адамгершілік пен патриотизмді дамытады. Сондықтан жастарды әулеттің тарихымен және олардың жетістіктерімен таныстыру қажет. Полиция қызметкерлерінің еңбегін көрсету, осы мамандыққа қызығушылық туғызу керек», - деді Аманғали Аронов.

Осы әулеттің ІІО-дағы жалпы жұмыс өтілі 70 жылдан асады. Ароновтар отбасында 6 бала бар, олардың үшеуі әкесінің ізін басып келеді.

Ортаңғы қызы Арайгүл ІІО 1994 жылдан бастап қызмет атқаруда. Ол - полиция подполковнигі, Қарағанды қаласы полиция басқармасы штабының аға инспекторы.

«Полиция қызметкері, ең алдымен адал, лайықты болуы керек. Өз жұмысын сапалы орындау үшін оны сүйе білуі керек. Кез келген полицейдің жұмысында әрдайым қиын сәттер болады, бірақ міндетті түрде бойдағы үрейді жеңіп, еш нәрсеге қарамастан алға жылжу керек. Егер жаныңда сүйетін және әрдайым сені қолдайтын отбасы болса, кез келген қиындықтарды жеңе аламыз»,- дейді Арайгүл Аманғалиқызы.

Кіші қызы Ақмарал облыстық ПД қаржылық қамтамасыз ету басқармасында жұмыс істейді.

Өзінің өмір жолын таңдау уақыты келгенде, Аманғали ағаның кенже ұлы Тілекжанның еш күмәні болмаған – ол әу бастан кім болатынын білген. Оның алдында үлгі тұтар жақындары болды: әкесі мен әпкесі. Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын бітіргеннен кейін Тілекжан түрлі жедел қызметтерде жұмыс істеді. Қазір полиция капитаны Тілекжан Аронов - Қарағанды облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің аға жедел уәкілі.

«Отбасы - бұл кез келген адамның, оның ішінде полицейдің өміріндегі басты қолдау. Мен үшін әкем ерекше үлгі тұтар тұлға. Мен полицейлер отбасында туып-өстім, менің көз алдымда анам әкемізге оның күрделі жұмысында өзінің қарым-қатынасымен, мейірімділігімен және жайдарлы мінезімен қиын жолдардан өтуге көмектескен. Егер менің балаларым менің ізімді басса және біздің отбасылық әулетіміздің ісін жалғастырса, өте қуанамын. Бірақ бәрі жеке таңдауына байланысты болады, мен олардың кез келген бастамасын қолдаймын», - деді Тілекжан Аронов.


Соңғы жаңалықтар