Арнайы мониторинг нәтижесінде Түркістан бюджетінен 454 млн теңге үнемделді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда бюджет қаражатын тиімді бөлу және үнемдеу мақсатында мемлекеттік мекемелерде мониторингтік жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында қолға алынған болатын.

Оңтайландыру жұмыстары барысында қайталанатын функцияларды алып тастау жолы қарастырылып, облыс бойынша жалпы саны 1001 штат қысқартылды.

Департаменттің мәліметінше, өңірде жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде мемлекет бюджетінен жалпы соммасы 454 млн 296 мың теңге үнемделіп отыр. Оңтайландыру шаралары өңірде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды жасақтау мен кепілді еңбекақымен қамтылған тиімді мемлекеттік аппаратты құру мақсатында жүргізілген.

Айта кетейік, бүгінгі күні мемлекет саясаты тиімсіз шығындарды қысқартып, трансформациялау ісін ілгерілетуге айрықша басымдық беріп отыр. Штат санын оңтайландыру процесі ел бюджетінің тиімді жұмсалуына ықпал етіп, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ұтымды жүйе екенін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар