Арнайы қосымшалар жеке адамның бюджетті жоспарлауына көмектесе ала ма?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда кез келген адамға шығыны мен кірісін бақылап отыруға мүмкіндік беретін қаржы қосымшалары кең таныла бастады. Мұндай қосымшалар қаражат жұмсау тәртібін бақылап, адамның ақшаны басқаруына шынында да көмектесе ала ма? ВВСбасылымының авторы осы сұраққа жауап іздеп көріпті.

App Annie аналитикалық компанияның мәліметтеріне сенсек, 2018 жылы қаржы қосымшалары әлем бойынша 3,4 миллиард пайда тапқан. Бұл үш жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 75 пайызға көп.

«АҚШ-та 18-37 жас аралығындағы балалардың 92%-ы қаржылық қосымшаларды пайдаланады. Мобильдік қосымшалар шығындар мен кірісті бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұл ақшаны қайда жұмсап, қалай үнемдеуімізге әсер ете ала ма?» деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, арнайы қосымша арқылы қаржысын бақылап жүретіндер басқаларға қарағанда 6-12 ай аралығында шығынын 7%-ға азайтқан.

«Ақшаңызды қайда жұмсап жатқаныңызды бақылап отыру бюджет жоспарын сәтті құрудың кілті секілді көрінуі мүмкін. Егер сізге шығыныңыздың қанша екеніне үнемі ескерту келіп отырса, уақыт өте келе қажетті тауарға ақша жұмсаудың өзі қиынға соғады», депті мамандар.

Автордың жазуына қарағанда, әлемде адамдардың жеке бас қарыздары тым көбейіп кеткен. Ал арнайы қосымшалар оларға ақшаның көп бөлігі қайда жұмсалатынын бақылауға көмектесіп, бюджетті жоспарлауға да септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар