Арнайы әскери қызметкерлер күні мерекелік күндер тізіміне енді
Премьер-Министрдің ресми сайтында «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жарияланды.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын: «11-2. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні – 9 маусым». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», -деп жазылған құжатта.
Осылайша, бұдан былай 9 маусым мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні ретінде аталып өтетін болды.