Армрестлингтен Атырау ардагерлері Азия чемпионы атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың ардагер спортшылары армрестлингтен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында 24-26 сәуірде армрестлингтен жастар, ересектер және ардагерлер арасында Азия чемпионаты өтті. Сайысқа 14 елден 500-ге жуық спортшы қатысты. Атыраулық ардагер спортшылар құрлық додасында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, Алмагүл Қанатова 80 келі, Рахия Молдашева 80 келіден жоғары салмақта Азия чемпионы атанды. Ал Константин Тарабрин 70 келіде күміс жүлдеге ие болды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін атыраулық парадзюдошы Аманжол Жанбота Гран-при сайысының жеңімпазы болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар