Армия дронды анықтайтын радармен жабдықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның армиясы беларусь елінде шығарылған мобильді «Роса-РБ-М» кешенімен жарақталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған кешенді әскерлерде сынағанда шағын биіктіктегі нысаналарды анықтау барысында жоғары тиімділік көрсетті.

«Роса-РБ-М» шағын биіктіктегі нысаналарды тез арада анықтайтын ұтқыр радиолокациялық кешені Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне келді. Автоматты анықтау, төмен ұшатын аппараттарды сүйемелдеу және ақпаратты автоматтандырылған басқару жүйесіне беру үшін қолданылады.

Радардың басты ерекшелігі – оның жоғары ұтқырлығында, алыс ұзақтыққа қимылдауында (120 шақырымға дейін), бір сәтте 50 шақырымға дейінгі радиуста жерден бір метр биіктегі нысандарды анықтай алады. «Роса» өзін ұшақтарды, ұшқышсыз ұшу құрылғылары мен барынша аласа ұшаты қанатты зымырандарды жоғары дәлдікпен табатынын көрсетіп үлгерді.

Бұдан өзге, қондырғы автоматтандырылған, жоғары радиолокациялық байланысын жасыра алады және бір ай үздіксіз, өшірілмей жұмыс істей алады. Бұл аталған кешенді анағұрлым әлемдік технологиялық үлгілер ішіндегі үздіктердің қатарына шығарады.

Еске сала кетсек, Қазақстан армиясы қолданатын «SkyLark» тактикалық аппараты, «WingLoong» барлау-соққы беру кешені таныстырылған еді.


Соңғы жаңалықтар