+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Армениядан әкелінген жүзден астам автокөлік Алматы облысында уақытша тіркеуге қойылды

2020 жылғы 2 шілде 17:57
Бөлісіңіз:
Армениядан әкелінген жүзден астам автокөлік Алматы облысында уақытша тіркеуге қойылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы еліміздің аумағына Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеуге алу тәртібін анықтады. Аталған қаулыға сәйкес шетелдік тіркеудегі, нақты айтқанда Армения елінде тіркеуде тұрған көліктердің иелері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, елімізде қайта тіркеуге қою қажеттілігі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда салонына 6 жолаушы мінгізген бірнеше таксист ұсталды Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті Өскеменде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

«Армениялық көліктерді елімізде міндетті тіркеу қажет екені түсіндірілді. Осы уақытқа дейін Алматы облысында 102 көлік тіркеуден өтті. Шетелдік тіркеудегі көлік иелері темір тұлпарларын Қазақстанда тіркеуден өткізудің артықшылықтарын жете түсінуі тиіс. Өйткені, тіркеуден өткен көлікті елімізде еш кедергісіз пайдалануға болады»,- деді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Таңатаров.

Ведомство өкілінің айтуынша, көлікті уақытша тіркеуден өткізуге шамамен 12 мың теңге төлем жасалады. Армения елінен әкелінген көліктерді тіркеу биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.

«Армениялық көлік иесі атанған Алматы облысының барлық тұрғындарын осы мүмкіндікті пайдаланып, елімізде тіркеуден өткізуге шақырамын. Көлікті тіркеуге қатысты кез келген сұрақтарыңыз болса, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінулеріңізге болады»,- деді полиция полковнигі Нұржан Таңатаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT