Армениядағы парламенттік сайлау: 49,4% сайлаушы дауыс берді

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Арменияда сағат 20:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00) кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беру аяқталды. Сайлаушылардың қатысуы 49,4% құрады. Бұл туралы ОСК ақпарат орталығында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тигран Мукучян мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды. Сайлау комиссиялары дауыс санауды бастап кетті. Армения ОСК мәліметіне сай, жалпы сайлаушылардың 49,4% осы сайлауға қатысты.

Дауыс беру құқығын 1 281 174 сайлаушы пайдаланды.

Айта кетейік, 20 маусымда Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті.

Арменпрестің хабарлауынша, сайлауға 25 саяси күш қатысады: 21 партия және 4 блок.

Полиция жариялаған мәліметтерге сәйкес, Армения Республикасының сайлаушылар тізіліміне енген сайлаушылардың жалпы саны 2 миллион 578 мың 678 адамды құрайды. Сайлау учаскесінде сайлаушылар қатысатын саяси күштердің санына сәйкес бюллетеньдер алады, олардың біреуін ғана таңдап, конвертке салып, дауыс беру жәшігіне тастайды. Сайлаушылар бюллетеньдерге қаламмен ешқандай белгі қоймайды.

Сайлауды байқауды 8 халықаралық және 19 жергілікті ұйым жүзеге асырады.
Автор: Азамат Альмаганбетов

Соңғы жаңалықтар